Ақтөбеде көліктері айып тұрағына қойылған тұрғындар тәулігіне ақы төлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде көліктері айып тұрағына қойылған тұрғындар тәулігіне ақы төлеген

22.05.2020

Ақтөбеде көліктері айып тұрағына қойылған тұрғындар тәулігіне мың жарым теңгеден төлеуге мәжбүр болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес мекемесінің мамандары мәлімдеді.

Осылайша, жүргізушілер ереже бұзғаны үшін төлейтін айыппұлдан бөлек, қомақты қаржы төлеген. Өйткені бұл жерде көліктер 20 күн, тіпті бір айға дейін тұрады. Ал коммуналдық меншіктегі тегін тұрақ пайдалануға енді берілуі тиіс.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу