Түркістан қаласында базар аумағындағы 2 қоғамдық тамақтану орны мен кәуәп дайындайтын дүңгіршек жабылды. Олар карантин карантин талаптарын сақтамаған. Бүгін мамандар орталық базарға рейд жүргізді.
Базардың іші ығы-жығы – халық. Көбінде бетперде жоқ. Бейғам жүр. Сатушылар мен сауда нүктелерінің иелері ғана тәртіпке берік, талапқа көнген. Мұнда 2 мыңнан астам кәсіпкер бар. Базар 45 күн бойы карантинге жабылғанда олар табыссыз отырды. Сондықтан індет ушығып, шектеудің жалғасуын қаламайды. Жалпы облыста карантин талаптарының сақталуын қадағалайтын 121 мобильді топ құрылған. Олар 400-ден астам нысанды аралаған.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ