Теңіз кен орнында өндіріс тоқтамайды. Қазір зауыттағы жұмыс үзіліссіз жалғасып жатыр. Қара алтын қорын игеруге қатысты жобалардың жүзеге асуы 77 пайызды құрап отыр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, 7 миллион 680 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 80 мың тоннаға артық. Бүгінде кеніштің 700-ден астам жұмысшысы індетке шалдықты. Өндіріс аумағынан 18 мыңнан астам жұмысшы шығарылды.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ