ҰБТ-2020: Қалай өтеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-2020: Қалай өтеді?

21.05.2020

Егер эпидемиялық ахуал қалыпты болса, Ұлттық тестілеу сынақтары биыл маусымның 20 мен шілденің 3-і аралығында өтеді. Ал тест тапсыруға 130 мыңнан астам оқушы өтініш берген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға артық. Ал тестілеудің форматы өзгермейді. Тек коронавирусқа байланысты сақтық шаралары күшейтіледі. Яғни бұған дейін бір аудиторияда 150 оқушыға дейін отырса, биыл 75 адамға дейін азаяды. Әрі түлектер бір-бірінен екі метр алшақ отырады. Терезе де ашық болады. Ата-аналардың баласымен еріп келуі міндет емес. Тестілеу орталығындағылар бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады.

Ал COVID-19 вирусына қатысты ахуал ушығып жатса, ҰБТ стандиондарда, ашық аспан асты мен ірі спорт нысандарында өтуі мүмкін. Сондай-ақ мамандар оқушыларды өзіне ғана сенуге шақырып отыр. Өйткені тестілеуге қатысты тәртіп те күшейеді. Яғни тексеру кезінде смартфон немесе шпаргалка анықталса, түлектер бұрынғыдай аудиторияға жіберілмейді. Бірден хаттама толтырылып, тестілеуге кіргізілмейді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу