Түркістандық жүзден аса тұрғын мемлекет меншігіне өтіп кеткен үйі мен жеріне өтемақы ала алмай жүр. Көне шаһардың облыс орталығына айналғалы екі жылға таяды. Тұрғындардан алынған жерге бүгінде биік ғимараттар да бой көтеріп үлгерді. Ал сол жерлердің бұрынғы иелерінің біразы ақшасын күтіп әлі жүр.
Түркістанды түркі әлемінің мәдени орталығына айналдырудың бас жоспарына сай 588 нысан мемлекет қажетіне деп тұрғындардан сатып алынды. Олардың иелеріне бүгінге дейін 10 млрд теңгеден астам қаражат төленген. Алайда 126 адамға қарыз болып қалған. Себебі керекті қаржы жергілікті бюджеттен емес республикалық қазынадан бөлінуі тиіс.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ