Елорда әкімдігі күдікті тізімге іліккен, сенуге болмайтын құрылыс компанияларының тізімін жариялады.
Олардың толық тізімін қалалық әкімдіктің сайтынан және Ikomek мобильді қосымшасынан көруге болады. Екі жыл ішінде үлескерлердің қаражатын заңсыз жинап, үй салуды бастаған 46 компания жауапкершілікке тартылған. Әкімдік тұрғындарды осы компаниялармен танысып алуға және оларға сенбеуге шақырды. Сондай-ақ басқа да кез келген компанияға қаржы құймас бұрын, олардың барлық рұқсат құжаттарын толық тексеріп алуды ескертті.
Амангелді СЕЙІТХАН