Маңғыстауда заңсыз мұнай өндіргендердің жолы кесілді. «SK Petroleum» деп аталатын ЖШС өткен жылдың тамыз айынан бері «Солтүстік Қарамандыбас» кен орнынан 3 жарым мың тоннаға жуық қара алтын өндіріп, Жаңаөзен қаласындағы мұнай құятын базаларға жинаған. Шикі мұнайды сатып алушы компаниямен келісімшарт жасап та қойған. Алайда, құзырлы орган өкілдері қылмысты әшкереледі. Тәркіленген қара алтынның орташа нарықтағы құны жарты млрд теңгеден асады. Айта кететін жәйт, компания бұған дейін энергетика министрлігінің рұқсатымен кен орнында барлау және пайдалану жұмыстарын жүргізген. Бірақ келісімшарт мерзімі былтыр тамызда аяқталған.
Аягөз ОРАЛБАЙ