Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

21.05.2020

Əлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып кетті. Оның 106 мыңы қауіпті ауруға соңғы 24 сағатта шалдыққан. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары тәуліктік көрсеткіш. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жариялады. 

Азия даму банкінің болжамынша, әлем экономикасы пандемияны тоқтату шаралары салдарынан 8,8 триллион доллар жоғалтуы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу