21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Мереке ретінде Президент Жарлығына сәйкес 2013 жылы белгіленді.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Бұл - халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдыратын мерейлі күн.
Бұл - қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашының, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нәрін сыйлайтын театр және опера әртісінің, өңірлерлердегі мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, алғыс айтатын кəсіби мереке.
Бүгінде технологияның ілгерілеп, кешегі ақпараттың мән-маңызы бәсеңсігеніне қарамастан, рухани жауһарларымыз бен мәдени құндылықтарымызды мәйек етіп қана әлемдік қауымдастық алдында егемен еліміздің абыройын үстем ете аламыз.
Осы орайда жауапты қызметтің қазанында қайнап жүрген Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табандылық пен толайым табыс тілеймін», делінген министрдің құттықтау хатында.