Түркия Ораза Айт мерекесін жалпыхалықтық сипатта тойламайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Ораза Айт мерекесін жалпыхалықтық сипатта тойламайтын болды

20.05.2020

Түркия биыл тұңғыш рет Ораза айт мерекесін жалпыхалықтық сипатта тойламайтын болды. Дегенмен, елде карантин талаптары жеңілдей бастады. Өткен аптада ірі сауда орталықтары мен шаштараздар жұмысын бастады. Енді мешіттер ашылып, жексенбі күні 65 жастан асқан адамдарға бірер сағатқа көшеге шығуға рұқсат берілмек. Дегенмен сақтық шаралары әлі де болса қатаң.

Түркиядағы ең үлкен мерекелердің бірі - Ораза айт биыл тұңғыш рет жалпыхалықтық деңгейде тойланбайтын болды. Президент жарлығымен 23 - 26 мамыр аралығында ел аумағында коменданттық сағат жарияланды. Екі айдан бері жабық тұрған мешіттер 29 мамыр жұма күні ашылады. Ал мектептер жұмысқа күзде бірақ кірісетін болды.

Халық әр сенбі-жексенбі күндері болатын коменданттық сағатқа үйреніп те қалған. Дегенмен айтта үйден шықпау деген тыйым көпшілікке қиын болып тұр.

Айдос ӘШІМҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу