Алматыда 466 кәсіпорынның жұмысы жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 466 кәсіпорынның жұмысы жанданды

20.05.2020

Олардың 64-і ірі және орта, қалғандары шағын өндірістер. Қазір 25 мыңға жуық адам жұмысына қайта оралды. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялыр басқармасы хабарлады. Жұмысын бастауға ниетті мекемелер үшін қойылатын басты талап  — санитарлық ережелерді сақтау.

Қалада тағы 25 кәсіпорын жұмысын бастау үшін аудиттен өтуге өтінім қалдырған. Мекемелерге қатысты шешім жақында қабылданады. Олардың арасында көлік құрастыру, киім тігетін және жиһаз әзірлейтін зауыт-фабрикалар бар.

 Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу