Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы мамандандырылған балалар орталығындағы 4 баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін бұл жайлы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Қазір мекемеде ведомствоаралық комиссия тексеру жүргізіп жатыр. Бір анығы — балалар өлімі осыған дейін кейбір ақпарат көздерінде айтылғандай қызылша ауруымен байланысты емес. Мекемеде алғашқы дерек 2 сәуірде тіркелген. Комиссия жеткіншектердің туа бітті дерттерінің салдарынан көз жұмғандарын айтып отыр. Дегенмен, тексеру әлі де жалғасуда. Орталықтың директоры, орынбасары мен бірнеше бөлім мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ержан ЖАҚЫП