Енді көлік жүргізушілері өзімен жеке куәлігін ғана алып жүрсе жеткілікті. Полиция қызметкері оның өзге құжаттарын планшет арқылы базадан көре алады. Бұл туралы да мәжілістің жалпы отырысы кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Ақпараттар базасында жүргізушінің қандай көліктерді басқаруға рұқсаты бар екені, сақтандыру полисі, техникалық бақылау, тіпті, қанша айыппұлы бар екені көрініп тұрады. Полиция қызметкерлерінің қолында планшеттер де жеткілікті. Өзгерістер жуық арада заңмен бекітіледі. Әзірге тек дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ