Солтүстік Қазақстанда бүгіннен бастап автовокзалдар мен автостанциялар жұмысы жанданды. Аудандар мен ауылдар арасында автобустар жүре бастады. Карантинге байланысты өңірішілік 72 автобус маршруты тоқтатылған болатын. Жалпы, бір тәулікте Петропавл автовокзалынан 149 рейс жүзеге асырылатын. Әзірге 20 бағыт бойынша ғана автобус жүреді, билеттер тек онлайн сатылуда. Ал электрпойыздары тоқтап тұр.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ