Алматының блок бекеттеріндегі кептелістер азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының блок бекеттеріндегі кептелістер азаяр емес

20.05.2020

Алматының блок бекеттерінде бақылау күшейді. Күн сайын қаланың кіреберісінде бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі болады.

Полицейлер тексерісті барынша тездетуге тырысып жатқанымен, кептеліс азаяр емес. Себебі жұмысына асыққан жұрттан бөлек, өз мәселесімен алаңдатып жатқандарды да аңғарып қалдық.

Онсыз да сағаттап тік тұратын тәртіп сақшылары бекеттен еш себепсіз ары-бері өтетіндердің де бар екенін айтуда.

Кептелістен қашамын деп қарсы бетке өткендерді де көзіміз шалды. Мұндай жүгенсіз жүргізушілер енді жазасыз қалмайды, әкімшілік жазаға тартылатынын айтады полицейлер. Тәртіпті қадағалау үшін қосымша полиция жасақтары жұмылдырып, блок бекеттердегі бақылау күшейді.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу