15 жыл бойы Қазақстаннан ұрланған көліктердің тек 30 пайызы ғана елге қайтарылған. Себебі ТМД елдері арасындағы келісім дұрыс жұмыс істемеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаева осылай деді. Қатысушы өзге елдер де өзгерістермен толық келісіп отыр.
Қолды болған көліктерді жылдам анықтау үшін 5 мемлекет бірігіп ортақ база құрып жатыр. ТМД-ның өзге елдері де бұл құжатқа қосыламақ. Ол жерде ұрланған, жол көлік оқиғаларына тап болған, сырттан кіргізілген көліктер туралы ақпарат толық қамтылады. Осылайша, кез келген көлікті іздеу, ол туралы ақпаратпен алмасу едәуір жеңілдейді.
Статистика бойынша Қазақстаннан ұрланатын көліктердің 80 пайызы Ресей асады екен. Соңғы 27 жылда іздеу жарияланған 5 көліктің біреуі ғана табылған. Сондықтан үкімет тарапы да депутаттар да заң жобасын барынша жетілдіріп, жылдам қабылдау керектігін алға тартты.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ