Дүниежүзілік банк: Пандемия салдарынан 60 млн адам кедейшілікке ұшырауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік банк: Пандемия салдарынан 60 млн адам кедейшілікке ұшырауы мүмкін

20.05.2020
Дүниежүзілік банк: Пандемия салдарынан 60 млн адам кедейшілікке ұшырауы мүмкін

Пандемия салдарынан жақын арада әлем бойынша 60 миллионға жуық адам кедейшілікке ұшырауы мүмкін.

Бұл туралы Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Мэлпас мәлімдеді.

Оның ұйғарымынша, 2020 жылы әлем экономикасы 5 пайызға қысқаруы ықтимал. 

«Пандемия мен карантин режимі денсаулық пен экономикаға айтарлықтай әсер етті. Талай отбасы жақындарынан айырылды, миллиондаған жұмыс орындары қысқарды, әр елдің денсаулық сақтау саласына түсетін жүктеме көбейді», - деді ол.

Мэлпас экономикалық өсімге оралу үшін төтенше жағдайға тез және икемді әрекет ету, халықтың кедей топтарына, оның ішінде ақшалай көмек көрсету, жеке секторды қолдау және экономиканың тұрақтылығын нығайту қажет екенін атап өтті.

Жалпы, Дүниежүзілік банк әлем халқының 70%-ын құрайтын 100 елге індетпен күресуге көмектескен. 

rg.ru

Хабарламаларға жазылу