Маңғыстаудағы жасанды көлге түсуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы жасанды көлге түсуге тыйым салынды

19.05.2020

Бүгін жергілікті әкімдік көлге апаратын барлық жолды жапты. Бірнеше жерге суға түсуге тыйым салынған белгі орнатты. Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудан 25 шақырым жерде орналасқан жасанды көлдің адам өміріне аса қауіпті екенін бұған дейін айтқан болатынбыз. Себебі, экологтар судың құрамында химиялық заттардың шамадан тыс екенін анықтады. Соған қарамастан тұрғындар осыған дейін көлге шомылып, жағасында демалып келді. 

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу