Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

19.05.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті. Əңгімелесу барысында COVID-19 індетін және оның салдарын жою бойынша халықаралық ұйым мен Қазақстанның қолға алған іс-шаралары талқыланды. 

Қос тарап қолға алынып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Сондай-ақ Гуттерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты 28 мамыр күні онлайн форматта өтетін «COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландырудың жоғары деңгейдегі сегменті» атты халықаралық форумға қатысуға шақырды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу