Марс бетіндегі ерекше геологиялық құрылымдардың сыры ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марс бетіндегі ерекше геологиялық құрылымдардың сыры ашылды

19.05.2020
Марс бетіндегі ерекше геологиялық құрылымдардың сыры ашылды

Чехия, Норвегия, Германия, Франция және Ұлыбритания планетологтарынан құралған халықаралық зерттеушілер тобы Марс бетіндегі қатып қалған лаваға ұқсас геологиялық құрылымдардың сырын ашты.

Ғалымдар Қызыл планетаның атмосферасына бейімделген арнайы камераны қолдану арқылы балшықтың төмен тұтқырлығы мен судың жоғары ағындарын бақылаған. Мамандардың айтуынша, төмен тұтқырлықты балшық Жер жағдайына қарағанда Марста басқаша түрге енеді. Сонымен қатар, ол мұз қабығының пайда болуы салдарынан тез қатып қалады. Себебі төмен қысымда су жылдам қайнап, бойындағы жылуды бумен алып кетеді. Бойында су мен жылу азайған балшық толқын тәрізді және ісінуімен сипатталатын «пахоэхое» типті жерасты лавалары сияқты ағады. Ал кейін планетадағы түрлі атмосфералық қысым салдарынан жаңа «қатқан лава» түріне енеді.


Зерттеушілер Марстағы мұндай құбылыстарға ежелгі уақытта планетада орын алған су тасқыны әсер етуі мүмкін дейді. Салдарынан суға бай шөгінділер тау жыныстарының жоғарғы қабатының астына көмілген. Алайда қазір олар Марстың бетіне өтіп, жанартаулық бедер құрауда.

Дереккөз: Nature Geoscience


Хабарламаларға жазылу