Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

19.05.2020
Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Өнеркәсіпті дамыту қорын құру ұсынылады. Қор арқылы 3 пайыздан артық емес мөлшерлеме бойынша өңдеуші кәсіпорындарға несие беру жоспарлануда», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің айтуыша, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидиялар беру тетігі жетілдіріледі. 

«Одан басқа, жоғары экспорттық өнім өндірушілердің тасымалдау шығындарын 80 пайызға дейін өтеуді ұлғайту жоспарланып отыр. Қосылған құн салығын жедел қайтару айналым қаражатын ұлғайтуға ықпал етеді», - деді министр.


Хабарламаларға жазылу