Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында демалыс күні дүлей дауыл тұрып, елді есеңгіретіп тастады. Екпінді жел, әлеуметтік нысандарға зақым келтірді.
Дауыл екі мектеп пен екі мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті. Білім ордасының бірі 2011 жылы пайдалануға берілген. Ал екіншісі 2014 жылы бастан-аяқ жөнделген. Қатты желдің салдарынан ауылдардағы үйлерге зақым келіп, жаңбыр суынан көшелер көлкіп кетті. Сонымен қатар, Котяевка елді мекенінде орналасқан шекаралық бақылау-өткізу пунктінің бірқатар нысандары да бүлінген. Екі сағатқа жуық электр жарығы сөніп, тұрғындарды әбігерге салды. Шығын есептеліп жатыр.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ