Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блокпосттар алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блокпосттар алынады

18.05.2020
Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блокпосттар алынады

Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блокпосттар алынады.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес коронавирус инфекциясының таралуы тоқталмаған аймақтарды қоспағанда, аудандар мен қалалар арасындағы блокпосттар алына бастайды. 

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, қоғамдық моншадан басқа моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары және т.б. қызмет көрсету нысандары жұмыстарын бастайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтары (жасы бойынша) ашылады, шағын комплектілі білім орталықтары, үйірмелер (жазылу бойынша) қызметкерлері мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жасай отырып (термометрия) және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттете отырып өз жұмыстарын кіріседі. Құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздікке жауаптыларды дайындайтын және қайта даярлайтын мамандандырылған оқыту орталықтары, сол сияқты күзет және басқа да арнайы ұйымдар жұмыстарын қайта жалғастырады. 

50 орынға дейінгі стадиондар ашылады. Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМКК жұмысын бастайды.

Бұл ретте қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аулалардағы балалар алаңдарын және басқа да нысандарды санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жалғасады, барлық нысандарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, маска кию режимі жаппай сақталуы тиіс.

Хабарламаларға жазылу