Семейде 19 жастағы бойжеткен 12 күннен бері іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде 19 жастағы бойжеткен 12 күннен бері іздестіріліп жатыр

15.05.2020

Семейде 19 жастағы қыз бала 12 күннен бері іздестіріліп жатыр. Бойжеткен 3 мамыр күні үйден шығып кеткен. Іздеуге 500-ден астам адам жұмылдырылды. Бейнебақылаудағы жазбаларда қыз бала қаланың сол жағалауынан Ертіс өзеніне қарай бет алып, аспалы көпірге дейін барғаны түсіп қалған. Одан әрі белгісіз. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу