Нөсер жауын кесірінен төтенше жағдай жарияланған Түркістан облысындағы Төле би ауданында сел бұзған көпірлер қалпына келтірілді. Қасқасу елді мекенінде екі өткел толық жөнделіп, өзеннің екі бетіндегі ауыл арасында қатынас қайта жанданды.
Сондай-ақ, Төле би ауданында Қасқасудан бөлек, Кенесары, Қосағаш, Екпінді, Біркөлік, Киелітас, Достық және Леңгір аумағында жойқын селден бірқатар аудандық маңызы бар жолдар мен көшелерге зақым келген.
Гүлжазира Ғалиқызы