Оралда күрделі жөндеуден өткен жол жарамсыз болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда күрделі жөндеуден өткен жол жарамсыз болып шықты

14.05.2020

Орал қаласында күрделі жөндеуден өткен жол жыл өтпей жатып жарамсыз күйге түсті. Бұған себеп құрылыстың сапасыз жүргізілуі. Іргелі жобадағы кем-кетікті уақытында анықтауға азаматтық белсенді мен «Адалдық алаңы – сапалы жол» жобасы себепкер болды.

Былтыр Молдағұлова көшесі бастан-аяқ жөнделді. 700 миллион теңге кеткен. Қыруар қаржы жұмсалса да жұмыс сапасыз жасалыпты. Кей жерлерде бетон ыдыраған, ойыстар пайда болған. Сондай-ақ суағарлар салынбаған, жол жиектері де оңбай тұр.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу