Бейбіт шерулер туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт шерулер туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

14.05.2020

Сенат бейбіт шерулер туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды. Жоғары палата өкілдері құжаттың 6 бірдей бабына 16 өзгеріс енгізген. Президент тапсырмасынан кейін қолға алынған заң жобасы 6 ай бойы талқыланды. Қоғамның пікірі ескеріліп, халықаралық тәжірибе мұқият зерттелді. Әр баптағы сөздердің мағынасы мен маңызын ескерген депутаттар мақұлдауға асығар емес.

Сенат төрағасы ретінде алғашқы жалпы отырысын өткізген Мәулен Әшімбаев кез келген заңды осылай жан жақты қарап, мемлекеттің мүддесін ескере отырып, халықтың қажеттілігін қанаттандырарлықтай етіп қабылдау керектігін айтты.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу