Мемлекет басшысының төтенше жағдай кезіндегі өкілеттігін кеңейтуге қатысты заң жобасын Сенат бірден екі оқылымда қарап бекітті. Құжатқа сәйкес 14 сала бойынша Президентке қосымша құзырет беріледі. Олардың қатарында салықтық ынталандыру, мемлекеттік сатып алуды жедел өткізу бар. Сондай-ақ әлеуметтік қорғау және валюталық реттеу сияқты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы негізгі бағыттарда шұғыл шешімдер бірден орындалуы тиіс.
Нысаналы ЫҒЫЛ