Елімізде алтын өндірісінің көлемі артып келеді. Сондықтан, әлемде алтын қоры бойынша 15-орында тұрмыз. Бұл туралы қаржы нарығындағы ахуалға қатысты баспасөз мәжілісінде Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев айтты. Оның сөзінше, елдегі қаржы нарығындағы жағдай бірқалыпты. Дегенмен, ашық экономиканы ұстанып, еркін сауда айналымына қосылғаннан кейін теңгенің бағамы құбылды. Алайда, одан қауіптенудің қажеті жоқ. Тек ақшаны ұлттық валютамен сақтап, барлық сату, сатып алу жұмыстарын теңгемен жүргізу керек. Сонда әлемдік валюта бағамдарының өзгеруі айтарлықтай әсер етпейді. Бұған қоса, ведомоство басшысы алтын саудасының көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Әділет министрлігінде тіркелген соң алтынды айырбастау пунктілері де сата алады.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
- 2017 жылы мамырда Ұлттық банк халық арасында алтын құймасын сату бағдарламасын бастаған. Оның аясында 10, 20, 50, 100 граммдық құймалар сатылымға шығарылды. Бүгінде екінші деңгейлі банктер жалпы салмағы 175 келі болатын алтын сатты. Бір жылдан аса уақыт ішінде жоспарланған алтынның барлығын дерлік саттық. Себебі, біз бағдарламаның басында 180 келі алтынды таргеттейміз деп болжаған едік.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.