Абайдың 175 жылдығы тойланатын алаңның домбыра бейнесінде жасалуына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың 175 жылдығы тойланатын алаңның домбыра бейнесінде жасалуына қарсы

13.05.2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ақынның туған жері Сырт Қасқабұлақтағы домбыра бейнесіндегі жолдың төселуіне көпшілік қарсы. Кешелі бері әлеуметтік желіден құрылыс жобасының суретін көрген өнер адамдары мен ақын жазушылардың пікірі қаққа жарылды. Бірі «Бұл- ұлттық құндылығымызды аяққа таптағанмен бірдей» десе, енді бірі жобаны құп көріп отыр. Дауға айналған мәселені енді жергілікті әікімшілік қалай шешпек?  

Анықталғандай, ұлттық аспап бейнеленген жоба бір емес, екеу болып шықты. Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың үш шекті домбырасы іспеттес жол төселген саябақ құрылысы аяқталса, той өтетін Қарауылтөбе басында құрылыс қызып жатыр.

Қарсылық білдірген өнер иелері қазір, Президентке хат жолдаған. Петиция жариялап қол жинап, құрлысты басқаша жүргізуді талап етіп отыр.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу