Жеке табыс салығына қатысты сарапшылар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке табыс салығына қатысты сарапшылар пікірі

13.05.2020

Жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізуге қатысты Пезидент ұсынған нұсқа бекісе көптеген адамның кірісіне оң әсер етеді. Экономистер осындай пікір айтып отыр. Себебі оларға салынатын салық азаймақ. Алайда, мамандар байларға айлығын алынатын алымды екі есе көбейту керек деп санайды. Өйткені мұндай салықтық жүйе елімізде 15 жыл бойы жұмыс істеген.

Жалпы, елде жеке табыс салығы осымен 4-ші мәрте өзгеріске түскелі тұр. Дегемен «үдемелі өлшем» ұғымы елге таңсық емес. 2007 жылға дейін қолданыста болды. Онда азаматтардың жеке табысының 5-тен 40 пайызына дейінгі мөлшері салық ретінде аударылып отырды. Ал Президенттің ұсынған жаңа жүйесін бұрынғымен салыстыруға мүлдем келмейтінін айтады сарапшылар.

Бірақ табысы жоғарыларға көбірек салық салу көлеңкелі экономиканы көбейтуі мүмкін деген күдік те жоқ емес. Алайда, мамандар ол жағына алаңдамаса да болады деп отыр. Қазір табысты жасыру мүмкін емес. Бәрі электронды түрде ашық жүргізіледі. Керісінше, табыс салығының мөлшерін 15 пайызбен шектемей, әлі де арттыру керек деп отыр сарапшылар.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу