Алматыда үш жатақхана карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үш жатақхана карантинге жабылды

13.05.2020

Алматыда азаматтық авиация институтының жатақханасы карантинге жабылды. Бұл туралы қаланың бас санитары Жандарбек Бекшин айтты.

Студенттер үйінің тұрғындары басқа жатақханалар мен қонақүйлерге жіберілген. Ғимаратта дезинфекциялық шаралар жүргізілді. 

Сонымен қатар, медқызметкерлер тұратын екі жатақхана жабылған. 4112 медицина маманы қала сыртында тұратындықтан жатақханалар мен қонақүйлерге орналастырылған болатын. Провизорлық орталықтарда, карантиндік және инфекциялық стационарда жұмыс істейтіндер де қонақүйлерге жіберілген.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу