Елімізде хакерлік шабуылдардың кесірінен мемлекеттік сатып алулар мерзімі кейінге шегерілді. Интернет алаяқтары мемлекеттік органдардың сайтына кешелі бері шабуыл жасаған еді. Хакерлердің шабуылынан зардап шеккен негізінен электронды үкімет порталы мен оның құрамдас сайттары.
Мемлекеттік сатып алулар жүргізілетін ресурс та шабуылға тап болды. Сондықтан осы күні жүргізілуі тиіс сатып алулар мен түрлі келісімдер кейінге шегерілді. Қазір сайттардың жұмысы қалпына келтірілді.
Досжан Маратұлы