Төтенше жағдай кезінде блок бекеттерде жұмыс істеген әскерилер мен техникалар босатылды. Қазір өз бөлімдеріне оралып жатыр. Сарбаздар тек бекеттерде ғана емес қала қауіпсіздігін қадағалау және дезинфекция жұмыстарына да атсалысқан еді. Олар тұрақты пункттерге әскери авиацияның көмегімен қайтып жатыр. Ал арнайы жиындарға шақырылған азаматтар әскери міндеттерін орындауды жалғастыра береді. Олардың қызметі жергілікті әкімдіктердің бұған дейін бекіткен жоспарына сәйкес жалғасады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ