Той жасауға қашан рұқсат беріледі? – Бас санитар дәрігердің жауабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Той жасауға қашан рұқсат беріледі? – Бас санитар дәрігердің жауабы

12.05.2020
Той жасауға қашан рұқсат беріледі? – Бас санитар дәрігердің жауабы

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова отбасылық шараларға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді.

«Әзірше отбасылық шараларға рұқсат жоқ. Себебі коронавирус тез жұғады. Науқастардың күнделікті өсу қарқыны 2 пайыздан төмен болғанда, сырттан келетіндерді санамағанда, ел ішінде коронавирус жұқтыру дерегі тілкелмесе, сонда ғана отбасылық шараларға рұқсат беріледі», - деді ол.


Хабарламаларға жазылу