Мақтааралға 98 тонна гуманитарлық көмек жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтааралға 98 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

12.05.2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мақтааралдықтарға 98 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Бүгін Алматыдан 8 жүк көлігі жолға шықты. 

Онда негізінен азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар, құрылыс материалдары мен өзге де қажетті дүниелер тиелген. Керуенді шығарып салуға Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев келіп, қайырымдылыққа атсалысқан этнос өкілдеріне алғыс айтты. 

Түркістан облысындағы тасқыннан зардап шеккен ауылдарға Қазақстан халқы Ассамблеясы осымен екінші рет қайырымдылық көмегін ұсынып отыр. Бірінші кезең аясында 23 миллион теңгеден астам қаражат мөлшерінде гуманитарлық жүк жіберілген.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу