Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 0,2 пайызға төмендеді

12.05.2020

Еліміздің жалпы ішкі өнімі 0,2 пайызға төмендеп кеткен.

Бүгін төрт айды қорытындылаған Үкімет көрсеткіштердің көңіл көншітпейтінін жариялады. 

Əсіресе, қаңтар-сәуір айларында қызмет көрсету саласы - 17, сауда – 35 пайызға азайған. Импорт 7 млрд долларға дейін төмендеді. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9 пайызға баяулап отыр. Көрсеткіштердің кері кетуіне коронавирустың кесірінен жарияланған карантин себеп. 

Десе де өсім жоқ емес. Тауар өндірісі – 5,8, ал құрылыс 5,5 пайызға артқан. Экспорт көлемі де 4,2 пайызға ұлғайып отыр.

Премьер-Министр дағдарыстан шығу үшін шұғыл түрде кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу