Шымкентте карантинге байланысты шектеулер 25 мамырға дейін созылады. Бұл туралы Ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті.
«Шымкент қаласы аумағында карантин тәртібі 25 мамырға дейін сақталады. 11 мамырдан бастап қоғамдық көліктер таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып жүре бастады. Қала аумағындағы базарлар да 12 мамырдан бастап 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істейді. Тек автокөлік базары мен мал базарлары ашылмайды», - деді Ербол Садыр.