Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтеді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Сынақ ұйымдастырылатын 168 арнайы пунктте санитарлық талаптар қатаң сақталады. Түлектер бір бірінен алшақ отыруы үшін бір мезетте аудиторияда болатын оқушылардың саны шектеледі. Ал екі тоқсанды қашықтан оқыған оқушылар аттестат алу үшін мектепке баратын болды. Соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектеп алулаларында, ашық аспан астында өтеді. Инфекцияның таралу қаупін азайту үшін қатысушылар снаы да шектеледі. Мұндай шараларға рұқсат беру ипидемиологялық жағдайдың біршама жақсаруы нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ