Коммуналдық қызмет ақысы үшін 15 мың теңге өтемақы алатындардың тізімі кеңейді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Осы уақытқа дейін бұл көмек 7 санаттағы азаматтарға берілетіні айтылған. Олардың қатарына енді белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелері де енгізілді. Одан бөлек, коммуналдық төлемдер жергілікті бюджеттен өтелген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау мүмкіндігі берілді. Айта кетейік, қазірге есеп бойынша бұл көмекті 1 миллион 600 мың адам алуы мүмкін.
Амангелді СЕЙІТХАН