Маңғыстауда тәулік бойы толассыз жауған нөсер жауынның соңы селге ұласып, көшелер мен аулаларды су басты. Жыңғылды ауылындағы мәдениет үйін су алып кетті. Нөсердің қатты болғаны сонша, ғимарат іші лезде суға толып қалған. Мамандар мәдениет ошағын 1 сағат бойы судан тазартты. Ал болған жәйтті дер кезінде құзырлы органдарға хабарламаған мәдениет үйінің меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылды. Дереу құзырлы органдарға хабарласудың орынан жағдайды видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген. Нөсер жауын жаңаөзендіктерді де әуре-сарсаңға салды. Мұнда бірнеше көшені су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ