Бұдан былай ұшаққа отырарда «Covid-19» инфекциясының бар-жоғын тексеретін тест тапсырудың қажеті жоқ. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық инспектор Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, әуе рейстерінің жұмысы басталғалы экипаж мүшелері мен жолаушылар арасында қауіпті індет тіркелмеген. Сондықтан тест тапсыру талабы алынып тасталды. Сондай-ақ бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматыдан өзге қалаларға 7 әуе бағыты қатынайды.
Шетелдік ғалымдардың дерегінше, әуе кемесінде коронавирус өте жылдам тарайды. Бразилиялық зерттеушілер әлемнің 65 еліндегі 8000-ға жуық ұшақты тексерген. Нәтижесінде, кесел өршіген елдерде халықаралық рейстердің көп қатынағаны анықталды.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ