Төтенше жағдайды карантинмен шатастырса керек, бүгін Алматыға кіреберістегі блок-бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Шахар әкімдігі төтенше жағдай алынғаннан кейін де мегаполистегі карантин режимі сақталатынын хабарлаған. Алайда, бұл ақпаратты көбі естімеген сияқты. Естісе де, елемей, қалаға қалай да кіреміз дегендері де болды.
Алматыға қарай асығып, бекеттердің маңына жиналған халық түске қарай тарай бастады. Дегенмен, үмітін үзбей, арғы бетке өтемін деп маңайды торуылдап жүргендер де болды. Әлі күнге дейін облыс пен қала арасындағы 27 бекет күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Енді төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қызметіне оралатындарға шектеу жоқ. Облыс тұрғындары жұмыс орнынан анықтамасы болса бекеттерден кедергісіз өтеді. Ал қала шетіндегі блок бекеттердің қашан алынатыны әзірге белгісіз. Карантин режимі өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай аяқталмақ.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ