Дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бөлінді

11.05.2020

Дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 5,9 трлн теңгенің қайда жұмсалатынын қаржы министрі түсіндіріп берді. Оның 3,4 трлн теңгесі бюджет есебінен, ал 2,5 трлн теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен тартылған. Вируспен күреске 125 млрд теңге ғана бөлінсе, қалғаны бір жылға есептелген шараларға бағытталады. Әлихан Смайловтың мәлімдеуінше әлеуметтік желіде талқыға түскен 5,9 трлн теңгенің 1 трлн теңгесі жеңілдетілген несие бағдарламасына бағытталады. Тағы 1 трлн теңгесі 255 мың жұмыс орынын ашып, өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ. 1,7 трлн теңгесі республикалық салық шығының онын толтыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, 237 млрд бизнестің салық шығынының орнын толтыруға жұмсалады.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу