Ұшаққа отыру кезінде анықтама талап етілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшаққа отыру кезінде анықтама талап етілмейді

11.05.2020

Бұдан былай ұшаққа отыру кезінде COVID-19 туралы анықтама талап етілмейді. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық инспектор Сәдуақас Байғабылов осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, әуе рейстерінің жұмысы басталғалы экипаж мүшелері мен жолаушылар арасында коронавирус тіркелмеген. Сондықтан тест тапсыру талабы алынып тасталды. Ал қашықтықты сақтау, маска режимі, терминал ғимаратына кірмеу, анкета толтыру, дене қызуын өлшеу сияқты басқа санитарлық талаптар қалады.

Хабарламаларға жазылу