Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі карантин кезінде коммуналдық шығындарды өтеу ережесіне өзгеріс енгізді.
Нақтырақ айтқанда, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің коммуналдық қызметтер ақысын өтеу бойынша нормалар енгізілді.
Енді белгілі бір санаттағы адамдардың өздеріне ғана емес, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де коммуналдық төлемдер беріледі.
Ал арнайы санатқа мына адамдар кіреді:
- І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері;
- ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар;
- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Көпбалалы отбасылар;
- Ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызілікті зейнеткерлер;
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
Бұдан басқа коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.