Президент Төтенше жағдай режиміне байланысты мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Төтенше жағдай режиміне байланысты мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді

10.05.2020

Ертең, 11 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді.

«Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирусқа байланысты қазіргі ахуалды саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр»,- деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Б.Уәли, Facebook-тегі парағында. 


Хабарламаларға жазылу