Мақтаралдағы су басқан ауыл оқушылары мектеп партасына қайта отырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтаралдағы су басқан ауыл оқушылары мектеп партасына қайта отырды

06.05.2020

Карантин кесірінен елімізде-онлайн оқу болса да, Мақтаралдағы су басқан ауыл оқушылары қайта мектеп партасына отырды. Бүгіннен бастап, 8 эвакуацациялық пунктте балалар әр сыныпқа бес-алтаудан бөлініп, телесабақтарға қатысып, тапсырмаларды орындап, кәдімгідей оқуға көшті. Су алған бес ауылдардағы балалар саны-1635. Оның 435-сі балабақша жасында. Айта кетейік, Мақтарал ауданындағы бес ауылды су алды: Нұрлыжол, Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Фирдауси, Өргебас. Осы елдімекендердегі 5 мектеп, 6 балабақша да суда қалды. 1978 жылы салынған ең көне мектеп Нұржол ауылында, ал Фирдаусидағы білім ошағы осыдан екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген болатын. Жалпы осы бес ауылдан биыл 43 оқушы ҰБТ тапсырады.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу