Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығы өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығы өршіп тұр

06.05.2020

БҚО-да мал ұрлығы өршіп тұр. Өткен аптада ғана Ақжайық ауданында жүздеген жылқыны барымталаған қылмыстық топтың ұсталғанын айтқанбыз. Осы оқиғадан кейін жұрттың шағымы көбейді. Мәселен, Сырым ауданында, бір ғана шаруашылықтан соңғы бес жылда 127 бас мал қолды болған. Бірде- біреуі тамылмаған. Ұсақ жантыққа дейін барымталаған баукеспелердің емін-еркін тайраңдауына полицияның дәрменсіздігі себеп екенін айтады тұрғындар.  

Былтыр Сырым ауданында мал ұрлығының 45 дерегі тіркелсе, соның 16-ы ғана ашылған. Тәртіп сақшылары қылмыстың өршуіне тұрғындардың өздерін кінәлайды.

Мал ұрлығы ауыр қылмыс санатына енсе де, барымташылар айылын жияр емес. Салдарынан ауылдағы ағайын миллиондап шығынға батуда.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу