Бәйтерек ауылы маңындағы қоқыс полигоны санитарлық талаптарға сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәйтерек ауылы маңындағы қоқыс полигоны санитарлық талаптарға сай емес

06.05.2020

Петропавлдың дәл іргесіндегі Бәйтерек ауылы заңсыз пайда болған қоқыс полигонының зардабын тартып отыр. Өйткені елді мекеннің маңында тұрмыстық қалдықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Мәселенің шешімін таппай келе жатқанына 3- жыл.

Осыдан 5 жыл бұрын қала түбіндегі Бескөл ауылындағы қоқыс полигоны жабылған соң тұрмыстық қалдықтар іргедегі Бәйтерек елді мекенінің жанына төгіле бастаған. Содан бері маңайдағы 7 ауылдың тұрмыстық қалдықтары осында әкелінеді. Бірақ полигон заңды түрде тіркелмеген. Жылда қаржы тапшылығы қолбайлау.

Қазір бұл полигонның аумағы 8 гектардай жер. Талап бойынша орманнан 300, егістік алқабынан 250 метр, елді мекеннен 1 шақырым қашықтықта орналасуы тиіс. Бұл аумақ ол стандарттарға да сай келмейді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу